Қостанай облысында диқандар екі жылдан бері субсидия ала алмай жүр. Қазақстан фермерлері қауымдастығы өкілдерінің айтуынша берешек шамамен 50 млдр теңгеден асып кеткен. Биыл бюджеттен 40,8 млрд теңге бөлінгенімен, бұл қаражат жеткіліксіз. Жалпы шаруаларға қолдау көрсететін бағдарламаларда түйткіл көп.