Бүгін Қостанайда агроном мамандығына оқып жатқан студенттердің кезекті дәрісі далада өтті. Шәкірттер мұнда ұшатын аппарат арқылы егіс алқаптарын өңдеу барысының қыр-сырымен танысты. Оқу орнында теория мен тәжірибені қатар үйрету жолға қойылған. Мақсат – білім беру сапасын жақсарту.