Наурыз мейрамы – көктемнің келуін, табиғаттың жаңаруын ғана емес, ұлттық құндылықтарымызды дәріптейтін мереке. Қазақ халқының бай мәдени мұрасын жаңғырту, ұлттық ойындарды насихаттау мақсатында Қостанайда алғаш рет БАҚ өкілдері арасында асық атудан турнир өтті. Бұл жарысқа аймақтың түкпір-түкпірінен жиналған журналистер қатысты.