Меңдіқара ауданы бұқаралық спортты дамытуда алдыңғы қатарда. Мұнда спорттың барлық түріне ерекше көңіл бөлініп, болашақ чемпиондарды тәрбиелеу жүйелі жолға қойылған. Жергілікті спорт кешенінде жасөспірімдерден құралған былғары қолғап шеберлері бас қосты. Облыстық деңгейде өткен турнирде 7 командадан 70 спортшы өз шеберліктерін ортаға салды.