Тарих ғылымдарының докторы, А. Байтұрсынұлы атындағы ҚӨУ профессоры, есімі елге етене таныс ғалым - Аманжол Күзембайұлы биыл 80 жасқа толып отыр. Мерейтой иесінің өнегелі өмірі өскелең ұрпаққа үлгі етіліп, білім беру саласына қосқан қомақты үлесі әспеттелген тағылымды кешке тілшіміз куә болып қайтты.