Бүгін аптаның қасиетті жұма күні еліміз Наурыз бастауы Амал күнін атап өтті. Наурыз мейрамы қашан да туыстық байланыстар күшейіп, ел жиналып, бас қосатын, ұлттық ойындар мен жарыстар өтетін, жаңару мен бірлікті ұлықтайтын ғұрыптар орындалатын кезең болды. Қазақ дәстүрінде кез келген айтулы оқиға бір күнмен шектелмей, арқаны кеңге сала, өз бабымен тойланған. Қостанайда да мерекелік онкүндік Амал мейрамымен басталды. Қалай өтті?