Полицейлер интернет-алаяқтықтың жаңа түрі туралы ескертеді. Соңғы уақытта қаскөйлер өздерін байланыс операторының қызметкері ретінде таныстырып, WhatsApp-қа қоңырау шалуды немесе хабарлама жазуды қолға алған. Технологияның тілін мықты меңгерген қылмыскерлер айласын асырып, алдап-арбау әдіс-тәсілдерінің түр түрін ойлап табуда. Алаяқтардың арбауына түспеу үшін тұрғындар нені білулері керек? Сала мамандары түсіндірді.