Өсім деңгейі жоғары
2024 жылдың қорытындысы бойынша Қостанай қаласы бюджетінің орындалуы 105,4 пайызды құрады. Бұл көрсеткіш жоспардан жоғары нәтиже көрсетті. Оған салықтық әкімшілендірудің күшеюі, кассалық тексерулер, хронометраждық және тақырыптық бақылаулар, сондай-ақ мемлекеттік органдармен жүйелі түрде жүргізілген жұмыстар әсер етті.