Жерлестеріміз елге олжалы оралды. Еуропаның қос қаласында өткен кикбоксинг пен бокс аламанында облыс спортшыларының мерейі үстем. Черногорияда өткен байрақты бәсекеде Айдос Үсенов 3-ші орын алса, Италияда жастар арасындағы додада Алина Төлегенова күміспен күптелді. Саңлақтарды жаттықтырушылары мен жерлестері бар сән-салтанатымен қарсы алды.