Облыс әкімі қоғамдық көлікпен қаланы аралады
Бүгін облыс әкімі қоғамдық көлікке отырып, қаланы аралады. Құмар Ақсақалов жол бойында көзі шалған түйінді мәселелерге назар аударды. Жанына ерген жауаптыларды сынға алып, нақты тапсырма беріп отырды. Ең басты шаруа – су тасқынының алдын алу. Ал, оған тосқауыл қою үшін атқарылып жатқан жұмыстардың сылбыр екенін байқады.