Қостанайда өңір әкімінің төрағалығымен инвестициялық штабтың отырысы өтті. Басқосудың мақсаты – облыста ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыруды жеделдету және қаржы құю саясатының тиімділігін арттыру. Сондай-ақ инвесторлар үшін қолайлы жағдай жасай отырып, капитал тарту жұмыстарын жандандыру үшін ықтимал шараларды қарастыру болды.