Еліміздің әлеуметтік – экономикалық дамуында кәсіподақ маңызды рөл атқарып келеді. «Үшжақты әріптестік» моделі бүгінде өз тиімділігін дәлелдеді. Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекеге орай саланың нәзік жандылары марапатталған жиында Кәсіподақшылардың аумақтық бірлестігінің төрайымы Ирина Аронова осылай деді.