Қостанайдағы «Мирас» мәдениет сарайында екінші қалалық «Jаs star.kst» байқауы өтті. Өнер жарысы талантты әрі шығармашыл жастарды анықтау және қолдау мақсатында ұйымдастырылды. Байқауға 15 пен 35 жас аралығындағы өнерлі жастар қатысып, өз қабілеттерін көрсете білді.