Үштоғай ауылдық округі облыс орталығынан үш жүз шақырымдай жерде жатыр. Округ өзімен аттас және Сарыадыр немесе көпшілік Степняк деп білетін қос ауылдан тұрады. Бұл мекенді де тоқырау айналып өтпеген еді, бірақ бытырап кетпеді, жабылып қалмады. Барлығы қолынан іс келетін ауыл азаматтарының арқасында. Бүгінде 120-дан астам түтіні бар алақандай ауылды ірілі-ұсақты 7 шаруа қожалығы асырап отыр. Сарыадырға барып қайтқан әріптесім жалғастырады.