Күндіз де, түнде де. Жерде де, көкте де. Нөсерге де, қарлы боранға да қарамай адам өміріне араша түсуге асық абзал жандардың бірі – жедел жәрдем қызметкерлері. Жылдамдық пен шыдамдылықты, кәсіби біліктілікті қажет ететін денсаулық сақтау саласының осы бағытын таңдау екінің бірінің қолынан келе бермейді. Қостанайдағы жедел жәрдем станциясына тәулігіне мың шақты шақырту түседі екен. Фельдшерлердің жұмысы жайлы тілші әңгімелесін.