Қостанай облысында атаулы әлеуметтік көмек алатындардың қатары айтарлықтай кеміген. Мәселен, 2023 жылы мемлекеттің материалдық демеуіне мұқтаж отбасылардың саны 4 мың болса, бұл көрсеткіш 40 пайызға кеміп, былтыр 2 400 шаңырақ әлеуметтік көмек алған. Былтырғы үш тоқсанның статистикалық дерегіне сүйенсек, өңірдегі 21 мың азамат кіріссіз отыр.