Әулиекөлдік «Шабыт» театры қостанайлықтардың назарына «Садағаң кетейін» драмасын ұсынды. Арты соқпақты, түбі жақсылыққа апармайтын әдеттен ада болу қажеттігін көтерген қойылым көпке үлкен ой салды. Драма мен трагедия қатар өрбіген спектаклге тілшіміз куә болып қайтты.