Қазақстан Республикасының Президенті өз Жолдауында экономиканы дамыту жолында кәсіптік білім берудің маңызын ерекше атап өтті. Осыған орай, 2025 жыл «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жарияланды. Бұл бастама ел экономикасын нығайтатын жұмысшы кадрлар даярлау ісін жаңа деңгейге көтеруді мақсат етеді.