Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері мұздың жұқарғаны жайлы ескертіп, дабыл қағуда. Су айдындарын аралап, жедел алдын-алу шараларын жүргізді. Жыл басынан бері Қостанай облысында мұндай 133 іс-шара өткізілген. Нәтижесінде 166 әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, жалпы соммасы 3 млн теңгеге айыппұл салынған.