«Қарызсыз қоғам» жобасы басталғаннан бері өңірдің жүздеген тұрғыны өз қаржысын басқаруды үйренді. Amanat партиясы іске қосқан жоба қазақстандықтардың қаржылық мәдениеті мен кредиттік тәртібін арттыруға арналған пәрменді құрал. Қарызға белшеден батып, үмітін үзгендерге нақты қолдау көрсетеді. Қолда бар қаражатқа өмір сүруге, қажетсіз несиеден бас тартуға үйретеді.