Баланың бақытты мекені – отбасы. Осы тақырып төңірегінде Қостанайда Ұлттық бала асырап алу агенттігі ұйымдастырған дөңгелек үстел өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты – Қазақстанда Кәсіби қабылдаушы отбасы институтын енгізу туралы ақпарат беріп, пікір алмасу. Қазіргі таңда заң жобасы Мәжілістің жұмыс тобының қарауында.