Өңірде шорт-трек спорты түрінен ересектер мен жастар арасында ел чемпионаты өтті. Еліміздің 11 аймағынан жиналған мұз айдынының шеберлері өз өнерлерін көрсетіп, үздік атануға тырысты. Себебі осы додадан топжарғандар әлемдік сайыстарда ел намысын қорғайтын ұлттық құрама сапына енуге мүмкіндік алмақ.