Ұзынкөл ауданындағы мемлекеттік тілде оқытатын мектепке Кәмшат Дөненбаеваның есімі берілді. Сол сияқты елдің дамуына өзінің ерен еңбегімен елеулі үлес қосқан, даңқты механизатор, тың ардагері, Социалистік Еңбек ерінің құрметіне музей ашылды. Бұндай игі бастама қазақтың қайсар қызы атқарған адал еңбек пен оның өнегелі өмірін жас ұрпаққа үлгі етуді көздейді.