Жұмыс уақытын тиімді басқару және жүктемені ыңғайлы бөлу. Қостанайда «Икемді жұмыс кестесін» таңдайтын мемлекеттік қызметшілер қатары артқан. Жаңа форматқа сәйкес жұмыс уақытының басталуы әрі аяқталуы және ұзақтығы қызметкер мен жұмыс беруші арасындағы келісім бойынша бекітіледі.