«Алтын Дала» шипажайы ауданында терроризмге қарсы Қостанай облыстық жедел штабы жоспарлы оқу-жаттығуын өткізді. 

Оқу-жаттығудың мақсаты Ұлттық қауіпсіздік комитеті бөлімшелерінің терроризм мен экстремизмнің көріністерінен туындайтын қауіп-қатерге қарқынды қарсы тұру ісінде күш-жігерін біріктірудегі кезекті қадам болды. Оқу-жаттығу қорытындылары бойынша бөлімшелер қойылған міндеттерді сәтті орындап, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшылығы тарапынан жоғары баға берілді.