«Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы – халықты ұйыстырған берекелі бастама. Өз Жолдауында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев осылай деді. Сондықтан Президент бастап, ел қоштаған акцияның қоғамға зор пайдасы бар екенін ешкім жоққа шығармайды. Оған дәлел - Қарабалық ауданында атқарылған кең көлемді іс-шаралар.