Өңірлік кадрлық резервтің жаңа құрамы белгілі болды. Қатарына 30 маман кірген жобада әртүрлі сала өкілдері бар. Облыс әкімі Құмар Ақсақалов жас мемлекеттік қызметкерлермен кездесіп, нақты тапсырмалар берді. Ал, жастар өз ойларын ортаға салып, аймақты дамытудың жаңа тетіктерін ұсынды.