Тағы бір жаңа балабақша Қостанай ауданы Мичурин ауылында да іске қосылды. Екіқабатты «Еркетай» бөбекжайы 100 орынға шақталған. Барлық заманауи талаптарға жауап береді. Тәрбие жұмыстары үшін жайлы жағдай жасалып, қауіпсіздік мәселесі де бірінші орынға қойылған.