Негізгі Жаңалықтар Жаңа балабақша ашылды

Жаңа балабақша ашылды

Республика күні қарсаңында Әулиекөл ауданында жаңа балабақша пайдалануға берілді. Оның құрылысына қаражатты «Халық» қайырымдылық қоры бөлген болатын.  Заманауи, сәулеті ерекше, үш қабатты мектепке дейінгі тәрбие мекемесінің жалпы аумағы 4 мың шаршы метрден асады. Салтанатты ашылуына өңір басшысы Құмар Ақсақалов қатысты.

Бөлісу