Бүгінгі таңда STARLINK спутниктік интернеті 1798 мектепте орнатылған. Бұл желілік қосылу жылдамдығын 3 есеге арттыруға мүмкіндік берді. Елімізде 81 мектепте интернетке қосылу жұмыстары аяқталуға жақын. Өткен жылдың басынан бастап қамту деңгейі 19%-дан 89,5%-ға дейін артты. Қостанайда 165 ауыл мектебі жоғары жылдамдықтағы интернетпен қамтамасыз етілген. Олар осы жылы Илон Масктың STARLINK спутниктік байланысына қосылды.