Тұтас халықты ұйыстырған берекелі бастамаға Ұзынкөлдік жұртылық белсенді қатысуда. «Таза Қазақстан» акциясы аясында алты ай уақыт ішінде 8000 тоннадан астам қоқыс шығарылған. Азаматтардың экологиялық мәдениетін арттыруға, табиғат пен қоршаған ортаға деген қамқорлығын қалыптастыруға ықпал ететін бағдарламаға жасы да кәрісі де қалмай қатысып жатыр.