Қостанайда Мұхтар Әуезов атындағы қазақ ұлттық драма театрының гастрольдік сапары жалғасуда. Ғасырлық тарихы бар театр 100 жылдық мерейтойына орай өңірлерді аралайды. Алғашқы боп танымал әртістерді Тобыл-Торғай жұртшылығы қарсы алғанын айтқан болатынбыз. Өнер ұжымы бір апта бойы Қостанайлық көрермендерді қуантып, ең үздік алты қойылымын сахналайды.

Сондай-ақ, қарашаңырақ саналатын ұлттық театр тек сахналық қойылымдарды ғана емес, арнайы көрме ұйымдастырған болатын. Театр мұражайында 200 мыңнан астам жәдігерлер сақталған. Олардың қатарында суреттерден бөлек, сахналық киімдер, бағдарламалар мен афишалар бар. Ал Қостанай өңіріне келген көрмеде театр да әр жылдары сахналанған спектакілдердің суреттері қойылған.