Қостанайда «Жан Моне» бағдарламасы бойынша «Erasmus+» халықаралық жобасы шеңберінде «Еуро Одақтың баламалы энергетика саласындағы озық тәжірибелер» орталығының салтанатты ашылуы өтті.
Баламалы энергетика саласындағы озық тәжірибе орталығы еліміздегі электр энергиясының тапшылығы жағдайында ерекше маңызды болып табылатын дәстүрлі емес энергия көздері саласындағы білім алмасу, зерттеу және озық технологияларды енгізу алаңы ретінде қызмет етеді. Іс-шараға шетелдік ғалымдар, жергілікті атқарушы органдардың, энергетикалық компаниялардың және Оңтүстік – Челябі қаласындағы Орал Мемлекеттік Аграрлық Университеті, Қазақстанда баламалы энергетиканы дамытуға мүдделі басқа да ұйымдардың өкілдері қатысты.