Әлеуметтік желіде диірмен қызметкерлерінің қазасы туралы ақпарат тарады.  Төрт адамның биіктіктен құлағаны хабарланды. Қайғылы оқиға 6 қазанда болған.

112 пультіне Рудный қаласында 5 метр тереңдіктегі бункерді тазалау жұмыстарын жүргізу кезінде 4 адам төмен түсіп, су бетіне шықпай жатқаны туралы хабарлама түсті. Оқиға орнына төтенше жағдайлар қызметі, полиция және жедел медициналық жәрдем қызметі келді. Құтқарушылар жұмысшылардың денелерін бункерден шығарды. Жедел жәрдем қызметкерлері қайтыс болғанын растады. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр, деп хабарлады Қостанай облысының Төтенше жағдайлар департаменті. Бұл фактіні прокуратура растап, полиция сотқа дейінгі тергеу басталғанын айтты.