Елімізде халықтың өмір сүруі мен демалуына қолайлы және қауіпсіз орта құру мемлекет басымдылықтарының бірі саналады. Мемлекет басшысы бұл мәселеге ерекше көңіл бөліп, елдің экологиялық жағдайын жақсарту мақсатында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасын іске қосты. Қостанай облысында бұл жобаны жүзеге асыруға 600 мыңға жуық адам қатысып, аумақтарды тазарту және абаттандыру бойынша ауқымды жұмыстар атқарылуда.