Аумақтық комиссиялардың жұмысы штаттық режимде өтті. Қалалық сайлау комиссиясы өкілдерінің ақпараты бойынша,
Облыс орталығында 93 сайлау учаскесі дауыс берушілерді қабылдады. Тізімде барлығы 176 мың 179 адам болды. Кім қандай сайлау учаскесіне бекітілгені туралы ілінген ақпарат стендінен біле алды. Дауыс беру процесін қоғамдық ұйымдардың өкілдері де бақылап отырды. Олар бірнеше ведомстволарда аккредитациядан өтті. Сондай ақ сайлау учаскесіне кірерде және шығар кезде қоғамдық сауалнама «Экзит пул» жүргізілді. Айта кетейік біздің өңіріміз сайлау учаскелерінің саны жағынан үштікке енді. Бірінші Түркістан облысында 945, Ақмолада 765 учаске құрылған.