Шалғай елді мекенде шұғылданатын іс көп. Ересектер елге қызмет етіп, өлкені дамытуға күш салса, жастар қауымы құр қарап жатқан жоқ. Олар да шама-шарқынша табыс табу үшін ел қатарлы еңбекпен қамтылған. Ал кәмелетке толмағандар кем дегенде спортпен айналысады. Ол үшін Торғай жерінде тиісті жағдай жасалған. Көпфункционалды кешендер мен спорт алаңдары жергілікті жастардың саламатты өмір салтын сақтауына зор ықпал етеді.