Тәуелсіздік жылдары ел іргесі бекіп, керегесі кеңейді. Бейбіт өміріміздің қорғаны болған қазақ армиясы толықтай қалыптасты. Дегенмен, қарулы күштерімізді күшейту күн тәртібінен түспейтін мәселе. Бұл туралы жергілікті әскери басқару органдарының кәсіби мерекесіне арналған салтанатты жиында айтылды. Шарада саланы дамыту бойынша атқарылып жатқан жұмыстар тізбектеліп, үздік қызметкерлер марапатталды.