Халықтың денсаулығын тағам арқылы таралатын қауіпті аурулардан қорғау. Бүгінде әлемдегі ондаған елге тауарларын экспорттап жүрген қазақстандық өндірушілерге сыртқы нарықтың қатаң талаптарына сәйкес болуына мүмкіндік беру. Қазақстанның басқа елдерден жеткізілетін өнімдерді бақылау мүмкіндігін арттыру. Бұл, Президент Жолдауында жүктелген міндеттер. Сондықтан ветеринария саласында реформалар жүргізілуде. Қандай нәтиже беріп жатыр?