Жыл соңына дейін жергілікті жол желісі жағдайының сапасы 91 пайызға дейін артады. Бұл туралы Қостанай облысына жұмыс сапарымен келген Қазақстан Республикасының Көлік министрі мәлім етті. Тұрғындармен кездескен Марат Қарабаев республикалық және облыстық маңызы бар жолдарды жөндеу әрі қарай жалғасатынын жеткізді. Кездесуден кейін азаматтарды жеке қабылдады.