Көптеген мемлекет арзан әрі үздіксіз энергияға қол жеткізуді мақсат етеді. Өйткені ол ғаламшарды ластанудан сақтап, гүлденденуіне септігін тигізеді. Әлемнің 199 елі климаттық өзгерістердің алдын алу үшін атом электр станцияларының керектігін мойындады. Қоршаған ортаны ластайтын парниктік газдардан құтылудың экономикалық тұрғыда тиімді жолы - сол станцияларды салу. Қазіргі күні дүние жүзі бойынша ядролық энергияға деген сұраныстың артқаны байқалады. Бұндай пікірді ҚР Ұлттық ядролық орталықтың бөлім басшысы Нұржан Мұхамедов білдірді.