Облыстық «Жастар ресурстық орталығының» бастамасымен Ұзынкөл ауданында екі күндік этнолагерь жобасы жүзеге асты. Мұндағы ең басты мақсат – өңір жастарына қазақ халқының тарихи - мәдени мұрасын насихаттау. Сан ғасыр бойы сақталып, Ұлы дала жерінде ұлықталған ұлттық құндылықтарды қайта жаңғыртуға жүзге жуық жас буын өкілі атсалысты.