Елдің дамуы - әрбір отбасындағы әл-ауқат пен тәртіптен басталады. Осы бағытта қыркүйек пен қараша айларында ел аумағында халықаралық мультииндикаторлық кластерлік зерттеу басталады. Балалар мен әйелдердің отбасылық ахуалын бағалау үшін 24 мың үйден қажетті көрсеткіштер жинақталады. ЮНИСЕФ әзірлеген бұл жоба Қостанай облысының барлық ауыл-аймағын қамтымақ.