Қостанайда қылқалам шеберлері бас қосты. Халықаралық симпозиумға алыс-жақын шетелден келген және танымал қазақстандық суретшілер қатысып жатыр. Олар саланы дамыту бойынша ортақ ойларын ортаға салып, өзара тәжірибе алмасуда. Және ең үздік туындылары топтастырылған көрме ұйымдастырмақ.