Орақ науқанына әзірлік пысықталды
Биыл 5,2 миллион гектар алқапта егін жинау жұмыстарын жүргізу көзделген. Оның ішінде дәнді дақылдар 4,3 млн гектар, майлы дақылдар 691,4 мың гектарды құрайды. Осы жылы агроөнеркәсіп кешенін дамытуға қаражат көлемі – 176 млрд теңге. Оның ішінде субсидиялау мен бюджеттік несиелендіруге 56 млрд теңге бөлінді. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес қосымша техника сатып алуға 25,5 млрд теңге бөлінген.