Б. Майлин ауданына қарасты Тобыл кентінің 85 жылдығы мен қазақ теміржолының 120 жылдығы қатар аталып өтті. Қос мерекенің мәні мен маңызы зор, және бұл оқиғалар аймақтың дамуында ерекше рөл атқарады. Аталмыш думанда ауданның сан саласынан жиналған мамандар мен теміржол қызметкерлері және ардагерлері марапатталды.