Тұрғындардың өтінішін тиімді әрі жылдам шешу. Қостанайдағы «iKomek» ахуалдық орталығына 1 айда мың жарымннан аса өтініш түскен. Олар түрлі сауалдарға қатысты. Арыз-шағымдардың шешімін табу мақсатында қала әкімі бөлім басшылары мен жауапты тұлғаларға бірқатар тапсырма жүктеді.

Тұрғындардың өтініші ескерусіз қалмайды. Айкөмекке бүгінде  тұрғындардан келіп түсетін арыз-шағымдардың 95 пайызға жуығы орындалған. Ал 3607 өтініш қаралу үстінде. Тіркелген өтінімдердің басым көпшілігі қоғамдық көлік, тұрғын үй, коммуналдық қызметтерге қатысты.