Өрт қауіпсіздігі науқаны аясында жалпы ауданы 30,7 га болатын 5 орман-тоғай өртеніпті. Жаз мезгілі басталысымен-ақ, тілсіз жаудың алдын алу үшін облыстық төтенше жағдайлар департаменті мобильді топ құрып, орманшылармен бірлескен рейд жұмыстарын өткізіп келеді. Осыған байланысты техникалар жаңартылып, қызметкерлер саны да өскен.