Жартыжылдық көрсеткіш бойынша Қарасу ауданының жалпы бюджеті 1 млрд 561 млн теңгені құраған. Ауыл шаруашылық көлемінің индексі ұлғайып, өнеркәсіп өнімі артуда. Тұрғындардың түгелі дерлік мемлекеттік бағдарламалармен қоса, инфрақұрылымдық нысандарды пайдаланады. Осы және өзге де атқарылған жұмыстар туралы аудан әкімі өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте мәлім етті.