Облыс орталығында «Таза Қазақстан» акциясы өтті. Осы ретте Тобыл өзенінің жағалауында тазалау жұмыстары жүргізілді. Бұл іс-шара қала тұрғындарының табиғатты қорғауға деген ынтасын арттырып, қоршаған ортаны таза ұстауға өз үлестерін қосуға мүмкіндік берді.